Олимпиаданың ашылу рәсімінде грузин спортшысы еске алынды
Спортшылар шеруіне Грузия командасы қолдарына қара шүберектер байлап шықты. Бұған дейін Грузия құрамасы қайғылы оқиғаға қарамастан, Олимпиаданың ашылуы рәсіміне және Ойындарға қатысудан бас тартпау туралы шешім қабылдаған болатын. Грузин спортшылары өз өнерлерін қаза тапқан жолдастарының құрметіне арнағалы отыр, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, ХХІ қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне бірнеше сағат қалғанда грузиннің 21 жастағы шанашы-спортшысы Н.Кумариташвили жаттығу кезінде 145 шақырым/сағат жылдамдықпен келе жатып, трассадан шығып кеткен еді. Спортшы жол жиегіндегі темір бағанға басымен соғылып, бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмды.