Олимпиаданың соңғы алтынына литвалық спортшы қол жеткізді
АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Литва спортшысы Лаура Асадаускайте қазіргі бессайыстан жарыстарда жеңімпаз атанып, Лондон Олимпиадасының соңғы алтын медалына қол жеткізді, деп хабарлады Би-Би-Си.
Л.Асадаускайте барлық жарыстардан жиынтығы 5408 ұпай жинады. Екінші орынға британдық Саманта Маррей 5356 ұпаймен ие болды, үшінші орында 5340 балл жинаған бразиялық Яна Маркес олимпиада «қоласын» қанжығасына байлады.