Олимпиаданың үш бірдей медалін жеңіп алған Қазақстанның боксшылары бүгін Астанаға келеді

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін түнгі сағат 02:45-те XXX Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев бастаған Қазақстанның боксшылар құрамасы Астанаға ұшып келеді.

Олимпиаданың үш бірдей медалін жеңіп алған Қазақстанның боксшылары бүгін Астанаға келеді

ҚР Спорт және денешынықтыру агенттігі хабарлағандай, боксшылардың келуіне орай Астана әуежайында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы Лондон Олимпиадасында алтын, күміс және қола медальдарын жеңіп алған Қазақстанның боксшылары ерледі. Олардың ішінде команда капитаны Серік Сәпиев (алтын), Әділбек Ниязымбетов (күміс) және Иван Дычко (қола) бар.