Олимпиадашылар барша халықтың үмітін ақтады - Президент
АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Олимпиадашылар барша халықтың үмітін ақтады.
Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында ХХХ Лондон Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың қол жеткізген зор жетістігінің құрметіне арналған салтанатты шара барасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Құрметті олимпиадашылар! Біз барлығымыз сіздердің жарқын жетістіктеріңізді тағатсыздана күттік. 16 күн бойы бүкіл еліміз сіздердің жарыстарыңызды бақылап, жанкүйер болды. Сіздер барша халықтың үмітін, менің жеке үмітімді ақтадыңыздар. Барша қазақстандықтардың атынан сіздер мен бапкерлеріңізге алғысымды айтамын», - деді Елбасы.
Президент Қазақстанда спорт саласын дамыту мемлекеттің стратегиясының басымдықтарының бірі екенін қадап айтты.