ОЛИМПИАДАШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРЕЙІК: Лондон Олимпиадасының 4 тамызға арналған бағдарламасы

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - 4 тамыз күні Лондон Олимпиадасында қазақстандық спортшылар оқ ату, жеңіл және ауыр атлетика, бокс және су полосы бойынша жарыстарға қатысады.
None
None

Жанкүйерлердің назарына 4 тамызда отандық спортшыларымыздың Лондон ойындарындағы өнері көрсетілетін кестені ұсынамыз. Ақпарат http://www.olympickhabar.kz сайтынан алынды.

Оқ ату

14.00 - 3 қалыпта аз калибрлі винтовкадан ату. Квалификация. Ольга Довгун.

17.45 - Финал.

Жарыстың финалы «Ел Арна» телеканалында сағат 17.45-тен 18.05-ке дейін тікелей көрсетіледі.


Жеңіл атлетика

15.05 - Жетісайыс. - Ұзындыққа секіру. Ирина Карпова.

16.40 - Жетісайыс. Найза лақтыру. Ирина Карпова.

22.00 - 20 шақырымға спорттық жүріс. Георгий Шейко.

00.35 - Жетісайыс. 800 м. Ирина Карпова.

 Бокс

18.45 - 1/8 финал. 49 кг дейін. Біржан Жақыпов (Қазақстан) - Марк Баррига - (Филиппин).

20.00 - 1/8 финал. 64 кг дейін. Данияр Елеусінов (Қазақстан ) - Мехди Толоутибандпи (Иран).

Бокс турнирі «Хабар» телеарнасында сағат 22.30-дан 00.00-ге дейін көрсетіледі (жазба).

03.30 - 1/8 финал. 81 кг дейін. Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан) - Карлос Меркадо Гонгора (Эквадор).

Бокстан 81 кг дейінгі салмақ санатындағы 1/8 финалы «Хабар» телеарнасында сағат 01.30-дан 04.30-ға дейін тікелей эфирде көрсетіледі.


Су полосы

20.30 - Ерлер. А тобы. «Қазақстан-Италия»


Ауыр атлетика

00.00 - 90 кг дейін. Илья Ильин және Алмас Өтешев.

«Хабар» телеарнасынан тікелей эфир арқылы сағат 00.00-ден 01.40-қа дейін көрсетіледі.

Ескерту: көрсетілген уақыт - астаналық.

Соңғы жаңалықтар