Олжас Бектенов Алматыдағы ЖЭО-3 құрылысын уақытлы аяқтауды тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовқа Алматыдағы үшінші Жылу электр орталығы құрылысын уақытылы аяқтауды тапсырды.

а
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

- Алматыдағы үшінші Жылу электр орталығы бойынша маған түскен ақпаратқа сәйкес, мерзімдерді бұзу фактілері бар. Есіңізде ғой, бәрін уақытылы аяқтауымыз қажет. Ол сіздің жеке жауапкершілігіңіз, - деді Үкімет басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, жыл басында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Алматыға жұмыс сапарымен келіп, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 құрылыс алаңдарын аралап шықты. Ведомство басшысы ЖЭО-2 нысанында оң динамика бар екенін айтса, ал ЖЭО-3 құрылыс алаңындағы жағдайды қатаң сынға алды.

Министр кей жұмыстардың кестеден қалып келе жатқанын атап өтті. Айта кетерлігі, бұл орталық 2026 жылдың соңына дейін толық газға ауысуы тиіс.