Олжас Бектенов: Аутизмі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау керек

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттің инклюзивті саясатын жетілдірудің жаңа бағыттарын атады.

с
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

- Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 1 қарашаға дейін мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді әзірлесін. Оқу-ағарту министрлігі 1 қыркүйекке дейін инклюзивті білім берудің, кадрлармен қамтамасыз етуді арттырудың және қолдау қызметтерін күшейтудің сапалы жаңа моделін енгізсін, - деді ол.

Үкімет басшысы аутизмі бар адамдарды ерте диагностикалау, үздіксіз түзету мен педагогикалық қолдау арқылы дамытып, жұмысқа орналастыру шараларын қамтитын біртұтас саясат қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

- Менталдық ауытқуы бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларды кешенді қолдаудың бірыңғай ведомствоаралық жүйесін қалыптастыру керек, - деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, ол Олжас Бектенов жеке компанияларды мұқтаж адамдарды қолдауға шақырды.