Олжас Бектенов РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенкомен кездесті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенкомен кездесуінде цифрландыру, инновация, спорт, туризм және білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің сенімге құрылған диалогы мен ұдайы хабар алысып тұрғанының арқасында тұрақты экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар орныққанын атап өтті. Екіжақты қатынастар стратегиялық серіктестік пен одақтастық бағытында дамуда.

2025 жылғы қаңтар-маусым аралығында өзара тауар айналымы $12 млрд құраған. Екі мемлекет басшыларының тапсырмасы бойынша өзара сауданы $30 млрд-қа дейін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр.
Сапар аясында Дмитрий Чернышенко бірқатар нысандарға барады. Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, сондай-ақ ММУ және ММХҚИ-дың қазақстандық филиалдарының қызметімен танысады.
Айта кетейік, Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен Цифрлық штабтың отырысы өтті. Онда Президент Жолдауын орындау үшін бірқатар шешім қабылданды.