Омбыда Батыс Сібір қазақтарының ұлттық мәдениетіне арналған монография жарыққа шықты

«Қасқат ауылының қазақтары: Батыс Сібір қазақтарының мәдениетіндегі дәстүрлер мен инновациялар» атты басылымының таныстырылымы Омбы ғылыми орталығында өтті, деп хабарлады Сібір аймағы әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Монографияның авторлары - Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімінің археология және этнография институты Омбы филиалының директоры, тарих ғылымдарының докторы Н.А.Томилов пен жоғары ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты Ш.К.Ахметова.
Монография доцент Николай Томиловтың басшылығымен Омбы мемлекеттік университеті тарих факультетінің студенттері 1976 жылы жасаған этнографиялық экспедиция материалдарынан тұрады. Биылғы жылы Омбы этнографиясындағы Батыс Сібір қазақтарының мәдениеті мен этникалық тарихы зерттеле бастады деп санауға болады », - деп жазылған хабарламада.
Материалдар ондаған жылдар бойы түрлі экпедицияларда жиналды. Еңбек Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі қазақтардың XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы этнографиясы мен XVI ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Сібір қазақтарының этникалық үрдістерін, сондай-ақ, қазақ мәдениетіндегі дәстүрлер мен инновацияларын зерттеуге арналған.