Он боксшы жасөспірімдер Азиадасының жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокс сайыстары жалғасып жатыр. 

Он қазақстандық боксшы жасөспірімдер Азиадасының жартылай финалына жолдама алды
Фото: Арлан Олжабай / ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жалпы есепте 10 қазақстандық боксшы аталған доданың жартылай финалына шықты. Осылайша олар кем дегенде қола жүлдені иеленетін мүмкіндікке ие болды. 

Рамина Маханова (54 келіге дейін), Аяулым Оспанова (66 келіге дейін), Камила Оспанова (75 келіге дейін), Елнура Қоңырат (80 келіден жоғары), Арман Мырсәбит (46 келіге дейін), Нұрмахан Жұмағали (50 келіге дейін), Санжар Матасов (75 келіге дейін), Досжан Жұмахан (54 келіге дейін), Даниял Шалқарбай (66 келіге дейін), Мұхамедәлі Рүстембек (80 келіден жоғары) жасөспірімдер Азиадасының жартылай финалында бақ сынайды. 

Айта кетейік, жартылай финалдық кездесулер 28 қазанда өтеді.

Бұдан бұрын Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жеткенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар