Өңірлік даму министрлігі Еуразиялық экономикалық кеңесте құрылыс саласының ықпалдастығын қолдады
Кеңеске ЕЭК-тің техникалық реттеу мәселелері бойынша Алқа мүшесі (Министр) Валерий Корешков, Белорусь Республикасының делегациясын басқарып келген Белорусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов, Белорусь Республикасының Сәулет және құрылыс министрінің бірінші орынбасары Александр Кручанов, Қазақстаннан - ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу комитетінің төрағасы Біржан Қанешев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Құрылыс, құрылыс материалдары өндірісі және ТКШ комитетінің төрағасы Александр Белович, Ресейден - Федералдық Техникалық реттеу және метрология агенттігінің басшысы Александр Зажигалкин, РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігінің Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаты департаментінің директоры Константин Леонидов қатысты.
Тараптардан Жоғары лауазымды басшылар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасының шеңберінде техникалық реттеу саласына құрылыс мәселесін (іздестіруді қоса алғанда) енгізу нормалары мен ережелерін қарастырды.
Техникалық регламентті біріздендіруді тереңдетумен байланысты мәселелер бойынша пікірталас жүрді. Онда маңызды талаптарды белгілейтін, құрылыс материалдары мен бұйымдарды жобалау және әзірлеу үшін қажет мемлекетаралық нормативтік құжаттарды қабылдауда ымыраға келу, сонымен қатар, талаптар шарты жобасынан жобалау үдерістеріндегі өнімдермен өзара байланыс (іздестіруді қоса алғанда), сондай-ақ құрылыс талаптарын алып тастау мәселесі әңгіме болды.
Талқылау қорытындысы бойынша кеңеске қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасында құрылыс, жобалау, оның ішінде, техникалық реттеу объектісі ретінде іздестіруді сақтап қалу туралы шешім қабылдады. Тараптар «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент тұжырымдамасын әзірлеу және оны ЕЭК бекітуі қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, олар Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігін тұжырымдама жобасын әзірлеуші ретінде белгілеу туралы ұсыныспен келісті.