Оңтүстіктен су тасқынынан зардап шеккен облыстарға гуманитарлық көмек жөнелтілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкенттен көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 
None
None

Айта кетейік, облыстық «Жастар ресурстық орталығының» жанынан құрылған «Бізбен бірге» еріктілер мектебі ашқан арнайы штабқа заттай және қаржылай гуманитарлық көмек қабылданды. Сондай-ақ, игі іске М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері де өз үлестерін қосты. Осылайша, құны 15 млн. теңге болатын азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар, көрпе-жастық пен 200 кілем тиелген жүк көлігі жолға шықты.

Еске салайық, сәуір айында Қазақстанның 7 өңірінде, яғни, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 52 елді мекен көктемгі су тасқынынан зардап шеккен болатын. Салдарынан екі мыңға жуық үй су астында қалып, 120 тасжолды су шайып кетті.

Осыған орай, еліміздің барлық өңірінде көмек қабылдау орындары ашылып, бұқара жұрт жұмыла демеу болуда. Күнгейлік жастар да осы маңызды істен шет қалмай, қиналғандарға қол ұшын созу туралы  облыс тұрғындарына үндеу жариялаған еді. Осының негізінде арнайы штаб ашылып, аз уақыт ішінде жәрдем берген азаматтардан қажетті заттар мен қаражат қабылданды. 

1 2 3 4 5 

Соңғы жаңалықтар