Оңтүстік Корея ит етін жеуге тыйым салады

Оңтүстік Корея үкіметі 2027 жылға қарай Кореяда ит етін тұтынуды толығымен тоқтату үшін жылдың соңына дейін арнайы заң енгізуге келісті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі The Korea Herald басылымына сілтеме жасап.

корейская кухня
Фото: Pixabay

Президент әкімшілігі мен басқарушы партиясының өкілдері ит өсіру мен союға, сондай-ақ ит етін жеткізу мен сатуға тыйым салатын заң жобасын қарастыруға келісті.

Өз қызметін өзгертуге немесе тоқтатуға мәжбүр болатын кәсіпорындарға үкімет қаржылық қолдау көрсетеді.

Өткен жылы Кореяда тұтыну үшін ит өсіретін 3500-ге жуық ферма тіркелген.

Олар елдегі 3000-ға жуық мейрамхананы ит етімен қамтамасыз етеді.

Былтыр жүргізілген сауалнамаға сәйкес, елде 18 және одан жоғары жастағы адамдардың 64 пайызы ит етін жеу дұрыс емес деп санайды. 

Соңғы жаңалықтар