Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақ қозғалтқыштарынан құс қауырсындары мен қаны анықталды — БАҚ

АСТАНА. KAZINFORM – Өткен Оңтүстік Кореяның Муан халықаралық әуежайында бортында 181 адамы бар жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Reuters. 

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақ қозғалтқыштарынан құс қауырсындары мен қаны анықталды — БАҚ
Фото: Yonhap

Таиланд астанасы Бангкоктан Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батысындағы Муан уезіне ұшып бара жатқан Boeing 737-800 ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кетіп, қоршаумен соқтығысқаннан кейін өртеніп кетті.

Оңтүстік Кореядағы ең ауыр әуе апатынан ұшақтың артқы бөлігіндегі екі экипаж мүшесі ғана аман қалды. Бортта 181 адам, оның ішінде алты экипаж мүшесі болған. Екі Таиланд азаматын қоспағанда, жолаушылардың көпшілігі Оңтүстік Корея азаматтары болды.

Қайғылы оқиғадан төрт минут бұрын ұшқыштардың бірі құстармен соқтығысқанын хабарлады. Содан кейін айналып өтуге әрекеттеніп, ұшу-қону жолағының қарама-қарсы шетіне қонды, деп хабарлады Оңтүстік Корея билігі.

Ұшқыш Мayday-ге апат белгісін бергенге дейін екі минут бұрын диспетчерлік мұнара экипажға әуежай аймағында құстардың белсенділігі туралы ескертті.

Осы айда тергеушілер қозғалтқыштардың бірінен құс қауырсындары анықталғанын айтты. Бейнежазбада қозғалтқышқа құстың кіріп кеткені көрініп тұр, деп қосты олар. Оңтүстік Кореяның көлік министрлігі екі қозғалтқышта да құс қауырсыны мен қаны туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты.

Оңтүстік Кореяда 179 адамның өмірін қиған Jeju Air компаниясының Boeing 737 ұшағының апаты ұшу-қону жолағынан тыс жерде болуы тиіс емес бетон тосқауылдың салдарынан болған. Мұндай пікірді британдық ұшу қауіпсіздігі сарапшысы Дэвид Лермонт білдірді.

Кореялық Boeing-тың жазу құрылғылары апатқа 4 минут қалғанда тоқтап қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар