Кореялық Boeing-тың жазу құрылғылары апатқа 4 минут қалғанда тоқтап қалған

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы сенбі күні Оңтүстік Кореяның көлік министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

Извлечены данные «черного ящика» самолета, разбившегося в Южной Корее
Фото: Yonhap

Билік «қара жәшік» жазбаларының тоқтауына не себеп болғанын талдауды жоспарлап отыр. Әзірге ұшуды жазу құрылғылары АҚШ Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесінің зертханасына жіберілді.

2024 жылы 29 желтоқсанда Бангкоктан Муанға ұшқан Jeju Air Boeing 737-800 ұшағы құстар тобымен соқтығысқанын хабарлады, содан кейін ұшып-қону жолағына «қарнымен» қонып, тежеле алмады.

Ұшақ әуежайдың бетон қоршауына соғылып, өртеніп кеткен.

Осыған дейін Оңтүстік Кореяның Муан халықаралық әуежайында бортында 181 адамы бар жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, кем дегенде 47 адам қаза тауып, тағы көп адам жараланғанын жазған болатынбыз.

Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы, вице-премьер-министр Чой Санг Мок Муан әуежайында болған ұшақ апатына байланысты бір апталық аза тұту күнін жариялады.

Жыл басында Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтың «қара жәшігінен» деректер алынды.

 

Соңғы жаңалықтар