Оңтүстіктегі жер сілкінісі: мамандар аса қауіпті учаскелерге тексеру жүргізді

АСТАНА. KAZINFORM — Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен жедел штабтың кеңесі өтті.

зілзала
Фото: Анадолы

ТЖМ Командалық орталығында жер сілкінісінен кейінгі іс-қимылдарды үйлестіру жөніндегі мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

— ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ филиалының мамандары аса қауіпті учаскелерге тексеру жүргізді. Топырақтың ірі зақымданулары, деформациялары, жарықтары мен шөгулері анықталған жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен аса маңызды инфрақұрылымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, — деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспегендігі жөнінде жаздық

Соңғы жаңалықтар