ОПЕК+ негізгі мүшелері мұнай өндіруді ұлғайтуға келісті
АСТАНА. KAZINFORM - Мұнай өндіру қазан айынан бастап тәулігіне 137 мың баррельге артады. Бұл туралы Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, БАӘ, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оманның тиісті министрлері – ОПЕК+ құрамына кіретін негізгі мұнай экспорттаушы елдер келісімге келді, - деп хабарлайды DW.

Шешім «қолайлы нарық негіздері» мен «тұрақты жаһандық экономикалық перспективаларға» байланысты қабылданды.
Мұнай бағасы қазір барреліне 65-70 доллар аралығында ауытқып тұр. Биыл көрсеткіш 12 пайызға төмендеген. Норвегиялық Rystad Energy сараптама орталығының сарапшысы Хорхе Леонның пікірінше, ОПЕК+ шешімі мұнай бағасын барреліне 60 доллардан төмен түсіреді.
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттыру мүмкіндіктерін талқылайтынын жазған болатынбыз.
2026 жылы мұнайға әлемдік сұраныс тәулігіне 1,4 млн баррельге артады.
Қазақстан мен Әзербайжан Еуропаға мұнай жеткізуде басты рөл атқарады.