ОПЕК: 2026 жылы мұнайға әлемдік сұраныс тәулігіне 1,4 млн баррельге артады
АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылы мұнайға әлемдік сұраныс тәулігіне 1,4 млн баррельге артады деп болжануда. Бұл өткен болжаммен салыстырғанда 100 мың баррельге көп.
ОПЕК-тің мұнай нарығына қатысты ай сайынғы есебінде 2026 жылға арналған болжам экономикалық көрсеткіштердің Америка мен Еуропадағы (ЭЫДҰ елдері), сондай-ақ Таяу Шығыс пен Африкадағы оң серпініне байланысты қайта қаралғаны айтылған.
Ең үлкен түзетулер АҚШ-қа қатысты жасалды: болжам бойынша, келесі жылы бұл елде сланецті мұнай өндіру көлемі тәулігіне 100 мың баррельге қысқарады. Бұл - алдыңғы тұрақты өндіріс деңгейі жөніндегі бағалаумен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс.
Ал 2025 жылға арналған болжам өзгеріссіз қалды, мұнайға әлемдік сұраныс тәулігіне 1,3 млн баррельге өседі деп күтіледі.
Еске сала кетсек, бұған дейін ОПЕК+ құрамындағы сегіз ел қыркүйек айында мұнай өндіру көлемін арттыруға келіскен болатын.