Орал мен Ақсайда қоқыс полигоны өртеніп жатыр

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында Орал мен Ақсай қалаларында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жанып жатыр.

Тұрмыстық қалдық
Фото: БҚО ТЖД

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 31 мамыр күні Бөрлі ауданы орталығы Ақсайда шамамен 300 шаршы метр, Оралда 2 гектар алаңда қоқыс отқа оранды.

БҚО
Фото: БҚО ТЖД

«Орал қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бойынша 3 ранг жарияланды. Оралда полигондағы өртті сөндіруге 20 адам, 6 техника, Ақсайда 26 адам, 6 техника жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда далада құрғақ шөп өртенгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар