Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірім қызға іздеу жарияланды.

Девушка выпала из окна многоэтажки в Алматы
Фото: pixabay.com

Айлуна Бут отбасылық үлгідегі балалар ауылынан 21 қаңтар күні шамамен сағат 15.30-да белгісіз бағытта шығып кеткеннен оралмаған. 

Lider.kz іздестіру қозғалысының еріктілері таратқан мәліметке қарағанда, Айлунаның бойы 160-165 см, шымыр денелі, көзі қара, қара шашы иығына түскен. Үстіне капюшоны бар қара күрте, сондай түстегі футболка мен трико, аяғына ақ кроссовка киген. 

Жасөспірім қызды көрген жандар болса, 8-777-184-04-90, 8-705-796-68-68 немесе 102 нөміріне хабарласуы сұралады.

БҚО полиция департаменті қазіргі кезде жасөспірімнің іздестіріліп жатқанын растады.

— Бұдан бұрын ол отбасылық үлгідегі облыстық балалар ауылынан өздігінен бірнеше рет кетіп қалған. Полиция қызметкерлері оны Ақсай қаласынан тапқан болатын. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жасөспірімді ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар