Оралда 350 орындық «Мұрагер» балабақшасы ашылды
ОРАЛ. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Орал қаласындағы Самал көшесі бойында 350 орындық №48 «Мұрагер» балабақшасы салтанатпен ашылды.
Оның ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, Елбасы тапсырмасына сәйкес елімізде, соның ішінде өңірде әлеуметтік нысандар көптеп ашылып отырғанын атап көрсетті. Оралдағы сәні мен салтанаты келіскен жаңа балабақша - соның бірі.
Жаңа ғимараттың бас мердігері «Строительная инициатива» ЖШС.
Балабақша директорының міндетін атқарушы Әдемі Тапауованың айтуынша, балабақшада екі және одан жоғары жастағы бүлдіршіндер тәрбиеленетін болады. Барлығы 16 топ жасақталмақ. Мұнда бүлдіршіндер үшін қазіргі заман талаптарына сәйкес барлық жағдай жасалған. Онда логопед, монтессори, информатика, ағылшын тілі кабинеттері, бейнелеу студиясы, спорт пен музыка залдары, сондай-ақ отбасымен жұмыс жөніндегі кеңес пункті жұмыс жасамақ.