Оралда 57 жастағы ер адам үш күннен бері іздестіріліп жатыр

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Болат Ғиметдинов 12 сәуір күні шамамен сағат 17.00-де Алаш көшесіндегі «Ақ жол» техникалық қызмет көрсету стансасынан шығып, белгісіз машинаға отырып кеткен. Содан үйіне оралмаған.
Ерекше белгілері: толық денелі, бойы 160-165 см, қысқа қиылған шашына ақ түскен, мұрнында жарақат орны бар.
Үстіне қара күрте, сұр трико, аяғына кроссовка киген.
Өзімен бірге сұр түсті Айфон 5с маркалы ұялы телефоны болған, нөмірі – 8-777-569-26-64.
«Осы ер адамды көргендер немесе қайда екенін білетіндер болса, 8(7112)92-18-04, 92-18-96, 8-702-790-44-50, 8-705-747-99-99 телефондарына қоңырау шалуына немесе [email protected] электронды поштасына жазуға болады», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен оқушылардың екі күннен кейін табылғанын жазған болатынбыз.