14:56, 14 Сәуір 2022 | GMT +5
Оралда жоғалып кеткен оқушылар екі күннен кейін табылды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында жоғалып кеткен екі жасөспірім екі күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, екеуі де - 17 жаста.
12 сәуір күні шамамен сағат 10.30-да зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы кешен мектеп-интернат-колледжінен белгісіз бағытта шығып кеткен.
«Жасөспірімдер оралмағаннан кейін ерекше белгілері көрсетіліп, іздеу салынды. Екі оқушы бүгін таңмен аман-есен табылды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда түсте жоғалып кеткен оқушы қыздың түнде табылғанын жазған болатынбыз.