Оралда дзюдодан Қазақстан іріктеу чемпионаты өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – Оралда дзюдодан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.
Ел біріншілігіне 17 облыстан 600-ге жуық дзюдошы қатысады. Олардың қатарында ұлттық құраманың спортшылары Мағжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаев, Данияр Шамшаев, Ғалия Тынбаева, Мәди Амангелді, Дидар Хамза, Аружан Ережепова, Камила Берліқаш және Ақерке Рамазанова бар.
Сондай-ақ чемпионаттың нәтижелері 2027 жылы халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасының сапын жасақтау барысында маңызды рөл атқарады.
ҚР ҰОК мәліметінше, ел біріншілігі 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Орал қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде өтеді.
Айта кетейік, Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Хорватиядағы турнирде екінші орын алды.