17:44, 05 Қараша 2024 | GMT +5
Оралда қалалық сот төрағасы парамен ұсталды
ОРАЛ. KAZINFORM – Оралда қалалық сот төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алу кезінде ұсталды. Бұл ақпаратты Kazinform агенттігіне өз ақпарат көздері растады.
Сот төрағасымен бірге екі адвокат Әділ Ахмулдин мен Нұржігіт Фазылғалиев те қолға түскен.
1,5 млн теңге көлеміндегі пара сотталған азаматқа қатысты оң шешім қабылдау үшін бағытталған.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі ақпаратты өкілетті орган – ҰҚК департаменті беретінін жеткізді.
Р.Жұмағұлов 2019 жылдан бері қалалық сот төрағасы болып жұмыс істеген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да Шекара қызметі департаментінің бөлім басшысына айыппұл салынғанын жазған болатынбыз.