Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оралда Қазақстан халқының ХІ облыстық достық фестивалі басталды

ОРАЛ. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы Жастар шығармашылығы орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығына арналған Қазақстан халқы ХІ облыстық достық фестивалі ашылды,

Оралда Қазақстан халқының ХІ облыстық достық фестивалі басталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған орай Ассамблея қызметі туралы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өмірі де қамтылды.

Фестивальға қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебаев құттықтап, табыс тіледі. Мереке шымылдығы Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің орындауында «Елім менің» әнімен ашылып, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мен орындаушыларының өнеріне ұласты. Фестиваль сахнасында қазақ, татар халықтарының билері орындалып, қазақ, орыс, украин әндері шырқалды.

Фестивальдың биылғы ерекшелігі, ол мектеп, балабақшадан бөлек әр ұжымда ұйымдастырылмақ. Шара Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында қорытындыланып, таңдаулылар гала-концертке қатысады.