Оралда қызылшамен ауырған балалардың барлығы екпе алмаған

ОРАЛ. KAZINFORM —  Орал қаласында қызылшаға байланысты эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып тұр.

АҚШ-та қызылша жұқтыру дерегі соңғы 33 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті
Фото: freepik.com

Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гауһар Дүйсеғалиеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, биылғы қаңтар айынан бастап зертханамен расталған 29 науқас тіркелген. Оның сөзіне қарағанда, соның 26-сы – 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың барлығы екпе алмаған.

- Науқастармен тығыз байланыста болған 245 адам медициналық бақылауға алынып, санитарлық-ағарту жұмыстары күшейтілді. Ұйымдастырылған орындарда 3 тергеп-тексеру жүргізілді. 6 нысан тексеріліп жатыр, - деді Г. Дүйсеғалиева.

Басқарма басшысының айтуынша, қызылша – ең алдымен тыныс алу жүйесін зақымдайтын, ауа тамшылы жол арқылы жұғатын вирустық инфекция.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша қалада балалар бірінші екпемен 91,7, ревакцинациямен 99,9 пайыз қамтылды. 2025 жылы шаһарда қызылшамен сырқаттанғандар саны 894-ке төмендегенімен, аталған дерт қазіргі таңда көбейіп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 25 адамның қызылшамен ауырғаны расталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ БҚО-да қызылшамен ауырған 60-қа жуық адам ауруханаға жатқызылды.

БҚО-да ауруханаға ауыр жағдайда түскен бала көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум