Оралда құбырдағы апатқа байланысты қаланың орталық бөлігі сусыз қалды

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында Ғ.Тоқай мен С. Есқалиев көшелерінің қиылысында диаметрі 150 мм су құбырында апат болды.

вода кран су
Фото: Kazinform

«Батыс су арнасы» ЖШС-дан мәлім еткеніндей, қазіргі кезде апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Осыған байланысты қаланың орталық бөлігінде салқын су беру тоқтатылды. Атап айтқанда, Ғ.Тоқай көшесі 49, 49/1, 53, Н.Назарбаев даңғылы 166/2, 166, 168, Қ.Аманжолов көшесі 40, 51, 54, 54/1, 49, Н.Савичев көшесі 43/2, 43/1, 43-мекенжайлары судан ажыратылды. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары шамамен сағат 11.00-ден кешкі 20.00-ге дейін созылмақшы, — деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар «Жайықжылуқуат» АҚ-дан түскен мәліметке қарағанда, алдағы жылыту маусымына дайындық аясында М.Ықсанов көшесі 72/1-мекенжайы тұсында диаметрі 108 мм құбырдың 130 метрлік бөлігі 18-28 тамыз аралығында күрделі жөнделеді. Осыған орай ыстық су беру жүйесінде уақытша қолайсыздықтар туындауы ықтимал.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жылу құбырының жөнделуіне байланысты 11 мекеме ыстық судан ажыратылғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар