Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оралда күннің күрт суытуына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

ОРАЛ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне сәйкес Орал қаласында 11.00-де күн 29 градусқа дейін суытты. Желдің жылдамдығы секундына 2 метр.

Оралда күннің күрт суытуына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағанындай, осыған байланысты мектептерде 2-ауысымда 1-9 сыныптарда оқитын балалар үшін сабақ тоқтатылды.

Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу шаралары алынып, өмірлік маңызы бар нысандардың үздіксіз жұмыс істеуі қадағалануда.