Оралда құтқару қызметінің 20 жылдығы аталып өтілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 19 қазан күні Оралдағы Жастар мәдениет сарайында ҚР құтқару қызметінің 20 жылдығына арналған салтанатты шара болды.
None
None

Құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің атап өткеніндей, жиырма жыл ішінде төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері қомақты табыстарға қол жеткізді. Құтқарушылардың батыл да жігерлі іс-қимылы арқасында талай адам аман қалып, көптеген табиғи және техногендік апаттардың беті қайтарылды. Қазіргі таңда құтқарушылар осы заманғы құрал-жабдықтармен жасақталып отыр. Олар кезкелген уақытта ең күрделі міндеттерді орындай алады.

Салтанатты жиын барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою бағытында ерекше көзге түскен БҚО ТЖ департаментінің үздік қызметкерлері ҚР ІІМ марапаттарын, облыс әкімінің алғысхаттарын иеленді.

БҚО ТЖ департаментінің бастығы Марат Күлдіков биылғы мамырда суға кетіп бара жатқан қос бірдей қызды құтқарып қалған 8-сынып оқушысы Никита Тюкинге «Ерлігі үшін» медалін табыс етті.

Шара Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртістері мен аталмыш департамент өнерпаздары әзірлеген концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар