Оралда Президент күніне орай «Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы» деген тақырыпта салтанатты жиналыс өткізілді

ОРАЛ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - 1 желтоқсан - Президент күніне орай Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы» деген тақырыпта салтанатты жиналыс өткізіліп, мерекелік концерт қойылды.
None
None

Онда өңір жұртшылығын облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, сөз сөйледі. Нұрлан Асқарұлы Елбасының қазақ мемлекетін қалыптастырып, әлемге танытудағы ересен еңбегін, жиырма жылдан астам уақыт ішіндегі еліміз жеткен табыстарды саралап айтып шықты.

- Қазақта жақсы сөз бар. «Би бол, би болмасаң, би түсетін үй бол» деген. Біз бүгінде би болдық, би болғанда төбе би атанып отырмыз. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көптеген игі істерге бастамашы болып және оларды ойдағыдай жүзеге асырып келеді. Бес жылдан соң Астанада «ЭКСПО - 2017» көрмесі өтпек. Бұл көптеген мемлекеттердің Қазақ еліне, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына сенім артуының нәтижесінде жеткен жетістік, - деп атап көрсетті облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Мерекелік жиында сондай-ақ облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов, кәсіпкер, «Айдана» ЖШС директоры, Орал қалалық мәслихатының депутаты Аветик Амирханяндар сөз алып, Қазақстан Президентінің елі үшін сіңірген еңбегі зор, беделі биік екендігін атап өтті.

Бүгін сонымен қатар Орал қаласында Президент күніне арналған басқа да мәдени-спорттық шаралар өткізілді.

Соңғы жаңалықтар