Оралда Президент күніне орай шорт-трек пен мәнерлеп сырғанаудан жарыс ұйымдастырылды

ОРАЛ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы мұз айдыны спорт сарайы - балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Президент күніне орай бірнеше шара ұйымдастырылды.
None
None

Алдымен ашық сабақтар мен үздік суреттер мен қабырға газеттері байқауы ұйымдастырылса, одан кейін шорт-трек пен мәнерлеп сырғанаудан жарыс өткізілді. Онда мектеп басшысы Есқабыл Жалмұрзиев ұжымды мерекемен құттықтап, игі тілегін жеткізді. Шорт-тректен ересектер арасында Дархан Жасұланов, Гүлнұр Ғалиева жеңімпаз атанса, орта жастағы жасөспірімдерден Айбек Қадыров пен Александра Суменкова, кіші жастағылардан Әділ Қырымгереев, Юлия Пархоменко, Әлішер Әбілқатимов, Балнұр Жағыпарова алдан көрінді. Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының негізін батысқазақстандықтар құрайтынын ескерсек, мектеп түлектерінің биік белестерден көрінуіне мүмкіндіктері мол.

Мәнерлеп сырғанаудан да үздік шыққандар мақтау грамоталарымен, сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар