Оралда прокуратураның араласуымен сот орындаушының заңсыз шешімі бұзылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы прокуратурасы сот қаулыларының орындалу заңдылығын тексеру барысында мемлекеттік сот орындаушысының 80 млн астам теңгенің жанар-жағар май материалдарын тәркілеу туралы атқару өндірісін заңсыз қысқартқандығын анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Оралда прокуратураның араласуымен сот орындаушының заңсыз шешімі бұзылды

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осыған байланысты қала прокуратурасы Орал қалалық №2 сотына мемлекеттік сот орындаушының атқару өндірісін қысқарту бойынша әрекетін заңсыз деп тану туралы өтінішпен жүгінді.
Сот шешімімен өтініш қанағаттандырылып, қазіргі таңда сот актісін орындау бағытында шаралар алынуда.