20:35, 02 Қазан 2013 | GMT +5
Оралда «Тәуелсіздік иірімдері» атты сурет көрмесі ашылды
ОРАЛ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Орал қаласының көрме залында Қазақстан Суретшілер одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалына 20 жыл толуына арналған «Тәуелсіздік иірімдері» атты суретшілер көрмесі ашылды.

Оның ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен батысқазақстандық суретшілердің қылқалам өнеріне сүбелі үлестерін қосып келе жатқанын атап өтті.
Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айдар Батырханов бір топ суретшіні аталмыш көрмедегі жоғары деңгейдегі шығармашылық еңбегі мен шығармашылық ізденістері, сондай-ақ көрмеге белсене қатысқаны үшін марапаттап, диплом мен сыйлық табыс етті.
Сурет көрмесі бір айға созылмақ.