Оралда зообақтағы жануарлар мен құстар қауіпсіз жерге көшірілді

жануар
Фото: БҚО экологиялық-биологиялық орталығы

ОРАЛ. KAZINFORM — Оралда облыстық экологиялық-биологиялық орталықтағы жануарлар мен құстар қауіпсіз жерге көшірілді.

Орталық директорының орынбасары Гүлжайна Нұралиеваның мәлім еткеніндей, Шаған өзені жағасында орналасқан зообақта барлығы ірілі-ұсақты 250 жануар, аң-құстар бар.

құс
Фото: БҚО экологиялық-биологиялық орталығы

Оның сөзіне қарағанда, ешкілерді, тауық, құстарды жеке ауласы бар үйлерде тұратын қызметкерлер алып кеткен. 

«Тышқандар, дикобраз, маймылдар, сондай-ақ жылқы, пони, есектерімізді облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың гаражы мен қоймасына орналастырдық. Сонда барып, қарап тұрамыз» деді Г.Нұралиева. 

қоян
Фото: БҚО экологиялық-биологиялық орталығы

Қазіргі кезде зообақта аю, қасқыр, пума сияқты жыртқыш аңдар ғана қалды. 

«Бұл ретте біз мамандармен кеңесіп, ақылдастық. Жыртқыштарды ұйқтатып, көшірсек, қайта оянбай қалуы мүмкін. Сондықтан олардың тұрған жерлерін үш метрге көтердік. Осында келіп, тамағын, суын беріп тұрамыз. 2011 жылы суға кеткенде де сөйткенбіз, қайығымыз бар. Орталықта адамдар көп емес, 13 педагог, отыз шақты қызметкерлеріміз жұмыс істейді. Қазіргі басты мақсатымыз — барлық жануар, аң-құстарымызды су тасқынынан аман алып қалу» деді Kazinform тілшісіне Г.Нұралиева.

аң
Фото: БҚО экологиялық-биологиялық орталығы

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда эвакуациялық пунктте тұрып жатқан келіншектің төртінші баланың анасы атанғанын жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ Оралда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардан 640-тан астам өтініш қабылданды.

Батыс Қазақстанға өзге өңірлерден мыңға жуық адам көмекке тартылды. 

аң
Фото: БҚО экологиялық-биологиялық орталығы
аң
Фото: БҚО экологиялық-биологиялық орталығы
тиін
Фото: БҚО экологиялық-биологиялық орталығы

 

Соңғы жаңалықтар