Оралдық мектепте біржыныстылар махаббаты туралы сабақ оқытқандар жазаланады - вице-министр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оралдық мектепте біржыныстылар махаббаты туралы сабақ оқытқандар туралы бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев ресми түсінік берді.
None
None

Оның айтуынша, аталмыш оқиға келеңсіз жағдай және оған қалалық білім бөлімі мен мұғалімнің салғырттығы соқтырып отыр.

«Барлық баспасөз құралдары осы мәселені көтеріп жатыр. Біз өзіміздің құзырымызда болғандықтан, түсіндіріп кетейін. Ол жағдай ең бірінші дұрыс түсініспеушіліктен туған олқылық. Үй тапсырмасына оқуға ұсынылған кітап оқулық емес, сабақтан тыс құрал. Сондықтан сабақтан тыс құралды, мұғалімнің өзі таңдайды. Оны таңдау әдістемелік орталықтың ұсынысымен жасалады. Сол ұсыныс берген кезде бір әріптен қате кеткен. Сионелла Петрова деген автордың жазғаны 18 жастан жоғары оқырмандарға оқуға арналған шығарма. Ал біздің әдістемелік орталық Зоя Алексеевна Петрова деген ақынның әдістемелігін айтқан. Сондықтан бастауыш мектептегі ұстаз З.Петрованың орнына С.Петрова деген авторды интернеттен алып, оқушыларға таратқан. Осы оқиғаға байланысты білім беру сапасын қадағалау орталығының мамандары қазіргі уақытта аталмыш өңірде тексеріс жүргізіп жатыр», - деді ол.

Оның айтуынша, арнайы құрылған комиссия бұл оқиғаға кінәлі тұлғаларды анықтап, тиісті жауапкершілікке тартатын болады.

Айта кетейік, Оралдағы бастауыш сынып оқушыларына біржыныстылар арасындағы махаббат туралы ертегі кітабы сыныптан тыс оқулық ретінде ұсынылған.

Соңғы жаңалықтар