Ордабасыда «Тәуелсіз елім -тірегім менің» атты салтанатты жиын өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бүгін Оңтүстік Қазақзстан облысының Ордабасы ауданында "Тәуелсіз елім -тірегім менің" салтанатты жиыны өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Мереке қонақтары алдымен Ордабасы өңірінің 25 жылдағы жетістіктеріне арналған көрмені тамашалады. Аудан орталығының бас жоспарымен танысты. Салтанатты жиналыстың шымылдығы түріліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму үдерісі баяндалған деректі фильм көрсетілді. Алғашқы құттықтау сөзі Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбековке берілді.

«Ордабасы - құт дарыған өлке! Тәуелсіздік алған жылы 77 мыңнан астам тұрғыны бар аудан бүгінде 118 мыңнан астам халқы бар өлкеге айналды. 25 жылда Ордабасыда 21 мектеп, 22 медициналық нысан салынды. 1995 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық ауылшаруашылық құрылымы - 8 мыңнан әрең асса, оның 158-і яғни 2 пайызы ғана осы аумақтан еді. 21 жылда бұл көрсеткіш облыста 72 мыңнан асып, бүгінде ордабасылықтардың үлесі 6 мыңға жуықтады. Бұл жалпы облыстағы ауылшаруашылық құрылымның 7,5 пайызын құрады», - деді аудан басшысы өз құттықтауында. Сондай-ақ, құрметті қонақтар Е.Сатқанбаев, Ж.Ендібайұлы, О.Омаров, Д.Шерімқұлов ордабасылықтарды айтулы мерекемен құттықтап, ақ тілегін ақтарды. Аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Сәдуахасов өз кезегінде ізгі ниетін білдіріп, түрлі сала үздіктерін Алғыс хатпен марапаттады.

Шара аясында "Ғасырға тең жылдар" аудандық фестивалінің қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар жүлделер иеленді. Бас жүлде - Шұбарсу, І орын - Қарақұм, ІІ орын - Бадам, ІІІ орын Шұбар ауыл округтеріне табысталды.

Мемлекетіміздің береке-бірлігі, туған жердің мақтанышы - Тәуелсіздік мерекесі Ордабасыда осылай аталып өтті.

 

Соңғы жаңалықтар