Орнынан қозғалып кеткен комбайн екі механизаторды басып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Ростов облысында жөндеп жатқан комбайн жүріп кетіп екі механизаторды жаншып өлтірді, деп хабарлады «RussianWeek.ru» ақпараттық интернет-басылымы.
None
None

Екі ер адам егіс танабында сынып қалған техниканы жөндемекші болған. Жөндеу жүргізіп жатқан кезде кездейсоқ комбайн өздігінен оталып, орнынан қозғалып кеткен. Ауыр көлік құралы механизаторларды жаншып өтіп, екеуі де оқиға орнында қаза тапты. Полиция қызметкерлері келеңсіз жайдың мән-жайын анықтауда.

Соңғы жаңалықтар