Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өрт болған жерден екі ер адамның мүрдесі табылды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өрт орындарында екі ер адамның мүрделері табылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Өрт болған жерден екі ер адамның мүрдесі табылды - ҚР ТЖМ

Бейсенбі, 27 желтоқсан күні Алматы облысының Қырғауылды кентінде орналасқан пәтер мен үйдің жалпы жабынының өртенуі оқиғасы орын алды. Жалын тілі 48 шаршы метр аумаққа тарады. Оны сөндіру кезінде 1953 жылғы ер адамның мүрдесі табылды.

 ТЖ-ды жоюға ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

 Ақмола облысының Спасское ауылында 27 желтоқсан күні жекеменшік тұрғын үй өртенді. Жалын тілі 30 шаршы метр аумаққа тарады. Өртті сөндіру кезінде 1957 жылғы ер адамның мәйіті табылды.

 ТЖ-ды жоюға ҚР ТЖМ Ақмола облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 6 адамы мен 2 техникасы тартылды.