Өрт қаупі мен тұман: Қазақстанда күн райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM - 11 сәуірге Қазақстанның барлық өңірінде және Астанада күн райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-сы.

туман
Фото: pixabay

Кәсіпрын болжамына сәйкес, Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігі мен батысында түнде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Ақмола облысының батысы, оңтүстігі және шығысында тұман түседі.

Ақтөбе облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, өңірдің батысы мен орталығында кей жерлерде нөсер жауын жауады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с жетеді.

Атырау облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнаййды, өңірдің батысы мен шығысында нөсер жауын күшейеді. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жайып, найзағай ойнпйды. Желдің екпіні 15–20 м/с жетеді.

Алматы облысының солтүстігі, батысы және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде тұман түседі. Желдің екпіні күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15–20 м/с болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өңірдің оңтүстігі мен таулы өңірлерінде тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Облыстың батысында өрт қаупі жоғары болады.

Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі. Шығысында желдің екпіні 15–20 м/с, кейде 25 м/с дейін күшейеді. 11 сәуірде облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, өңірдің орталығында нөсер жауын жауады. Түнде және таңертең батысы, солтүстігі мен шығысында тұман болады. Желдің екпіні 15–20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Желдің екпіні күндіз 15–20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз орталық бөлігінде шаңды дауыл тұрады. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында түнде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Айта кетейік, елордада ауқымды экологиялық айлық басталады.