10:15, 31 Шілде 2017 | GMT +5
Өрт салдарынан Еуропадағы ірі мұнай зауытының жұмысы тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Shell компаниясы өрт салдарынан Еуропадағы ірі мұнай өңдеу зауытының жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Ол Нидерландының Роттердам қаласында орналасқан.

Сенбі күні кешкісін қосалқы электр станциясынан шыққан өрт тек жексенбіде ғана сөндірілді.
Shell компаниясының өкілі өрттің шығуына қысқа тұйықталулар себеп болғандығы жайлы ақпаратты жоққа шығарды.