Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Орталық Азия елдерінің президенттері UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орталық Азия елдерінің басшылары чемпионатқа қатысушылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттеріне судағы жарыстарға арналған болид таныстырылды.

UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты
Фото: Ақорда

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұдан соң Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшылары бір мезгілде символикалық тетікті басып, су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының «Қырғызстан Республикасы — Ыстықкөл 2026 гран-при» кезеңін ресми түрде ашты.

Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты
Фото: Ақорда

Жарыстарға БАӘ, Аустралия, Канада және басқа елдердің намысын қорғайтын 8 команда мен 18 спортшы қатысып жатыр.

Орталық Азия елдерінің президенттері UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты
Фото: Ақорда

Қырғызстанда алғаш рет өткізіліп жатқан сайыс республика тарихындағы ең ірі халықаралық спорттық-мәдени іс-шара саналады.

Орталық Азия елдерінің президенттері UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты
Фото: Ақорда
Орталық Азия елдерінің президенттері UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты
Фото: Ақорда

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барғанын хабарлаған едік.