Орталық Азиядағы БАҚ пен АҚШ билігі «C5+1» форматындағы кездесу жайлы не жазды

18 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барды. Оның барысында Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаевтың кездесулерде сөйлеген сөзі, Орталық Азия елдерінің көшбасшылары мен АҚШ президенті Джо Байденнің басқосуы шетелдік баспасөзде кеңінен талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық Азиядағы БАҚ пен АҚШ-тың ресми билігі «C5+1» форматындағы кездесу жайлы не жазып жатыр
Фото: ҚазАқпарат

ӨзА (Өзбекстан)

«ӨзА» агенттігі Орталық Азия елдерінің көшбасшылары мен АҚШ президенті Джо Байденнің кездесуі барысында өңірді дамыту үшін сауда-инвестициялық қызметті күшейту, жобалық ынтымақтастықты жолға қою, көлік дәліздерін дамыту сияқты стратегиялық маңызды бағыттар айқындалғанын жазды. Сонымен бірге білім беру бағдарламаларын кеңейту, Ауғанстандағы ахуалды бейбіт реттеу үшін қолдау көрсету мәселелері де назардан тыс қалмады.

Байден и Мирзиеев
Фото: из открытых источников

 

Саммитте 8 жыл бұрын Самарқанд қаласында құрылған «С5+1» форматы Орталық Азия мемлекеттері мен АҚШ арасындағы ашық әрі сындарлы диалог алаңына айналғаны атап өтілді.

Агенттік бұл кезедсуге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысқанын жаза келе, Мемлекет басшысының Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (Орта дәліз) дамыту бастамасын көтергеніне назар аударған.

Сондай-ақ, ӨзА Президенттің халықаралық қоғамдастықтың алдында тұрған проблемаларды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің реформасынсыз шешу мүмкін емес деген пайымына ерекше тоқталған.

Выступление Президента
Фото: из открытых источников

 

Кабар (Қырғыз Республикасы)

Қырғызстанның ресми бұқаралық ақпарат құралдары да жоғары деңгейдегі кездесуді күннің басты тақырыбына балады. Бұл жүздесуде Президент Садыр Жапаров тараптар арасында талқылануы тиіс мәселелер ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. «Кабардың» жазуынша, Америка Құрама Штаттарымен, оның ішінде «С5+1» форматы негізіндегі ынтымақтастық елдің сыртқы саясатындағы маңызды бағыттардың бірі саналады.

Сондай-ақ, кездесу барысында Садыр Жапаров Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік мәселесін Ауғанстандағы жағдайдан бөліп қарастыру мүмкін еместігін баса айтты. Осыған байланысты қырғыз тарапы аталған елде бейбітшілік пен тұрақтылық орнату жолындағы қадамдарға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Кабар
Фото: из открытых источников

 

Ховар (Тәжікстан)

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон да АҚШ пен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысып, сөз сөйледі.

Тәжікстанның ұлттық ақпарат агенттігі «Ховарда» жарияланған мақалада «С5+1» форматы кездесуінде Орталық Азия елдерінің басшылары маңызды мәселелер мен жемісті ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар ұсыныс енгізгені жазылды.

Ховар

 

«Президент Эмомали Рахмон бұл кездесу «Орталық Азия – АҚШ» форматындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді», - деп атап өтті агенттік.

Мұнымен қатар тәжік тарапы елдердің экономика, логистика, су және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту ұсынысына қолдау көрсетті.

Түрікменстан хроникасы

Түрікменстанның бұл ақпараттық порталында БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясына қатысты жаңалықтар жиі жарияланды.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов БҰҰ Жарғысының қағидалары негізінде жаһандық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеуді ұсынды.

Сондай-ақ, аталған басылым АҚШ пен Орталық Азия елдері басшысының терроризмге қарсы күрес шаралары мен инвестиция тарту мүмкіндіктерін талқылағанын атап өткен.

Хроника Туркменистана

 

The White House (Ақ үй)

Ақ үйдің сайтында «C5+1» форматындағы мемлекет басшыларының кездесуі туралы мақала жарияланды.

Ақ үйдің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, тараптар қауіпсіздік, аймақтық сауда және инвестициялар, сондай-ақ азаматтық қоғамды қолдау мәселелерін талқылады.

АҚШ Президенті Джо Байден терроризммен күрес үшін Орталық Азия елдеріне бағытталған қаржылық қолдаудың артқанын, АҚШ пен аймақ елдерінің жеке компаниялары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту үшін жаңа платформа құру керектігін, сондай-ақ табиғи ресурстарды жеткізу мақсатында жаңа маршруттарды құру мүмкіндіктері туралы айтты.

Сонымен қатар, Джо Байден азаматтық қоғамды одан әрі қолдап, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелірне ерекше назар аударды. Тиісінше, «C5+1» мүше-мемлекеттерді мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қорғау існе ден қоюға шақырды.

Бұған қоса АҚШ-тың «THE HILL» саяси басылымында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарияланды. «БҰҰ Бас Ассамблеясы адамзаттың жақын арадағы ғана емес, тұтас ғасырлық болашағын айқындауға баса мән беруі керек» тақырыбымен жарық көрген мақалада аталған ұйым шешуі тиіс бүгінгі күннің маңызды мәселелері көтерліген.

«Мен жер жүзіндегі әріптестеріме үн қатқым келеді. Біз жалпы адамзаттың болашағы үшін жауапты екенімізді ешқашан естен шығармауымыз керек. Ол міндет – саяси мансабымыздан да, жер бетінде өлшеп берілген өмірімізден де артық», - делінген Мемлекет басшысының белді «THE HILL» басылымында жарияланған мақаласында.

Мұнда Президент ядролық қарудың зардабы мен одан төнген қауіпті, климаттың өзгеруі, экономикалық даму төңірегіндегі мәселелерді көтеріп, оларды шешу үшін бірлесе жұмыс істеу қажеттігін атап өткен.

White House

 

Соңғы жаңалықтар