Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Орталық Азия мен Қазақстандағы Германия экономикасының өкілдігіне 15 жыл толды

АТЫ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Қазақстан мен Орталық Азиядағы Германия экономикасының өкілдігіне 15 жыл толды. Қазақстанның Германиядағы жылымен тұспа-тұс келген мерейтой кеңінен аталып өтілмекші. Бұл туралы бүгін Алматыда арнайы өткен баспасөз мәслихатында клуб өкілдері мәлім етті,

Орталық Азия мен Қазақстандағы Германия экономикасының өкілдігіне 15 жыл толды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Германиялық сауда-өндірістік палатасының Қазақстандағы өкілдігі 1994 жылы жұмыс істей бастаған болатын. Ал 2008 жылы өкілдік аумағын кеңейтіп Орталық Азиядағы өкілдік мәртебесін алған. Бұнымен қатар Германиялық тағы бір ұйым Германия экономикасының Қазақстандағы өкілдігі 1994 жылы Германияның ҚР-дағы елшілігі жанынан ашылған болатын. Қос ұйым да Германия мен Қазақстандағы бизнес, экономика саласындағы әріптестіктің нығаюы бағытында жұмыс істейді.

Бүгінгі баспасөз мәслихатына қатысқан Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігі басшысының орынбасары Ғалия Жүнісованың айтуынша, осы уақыттан бері қос ұйым Қазақстан мен Германия кәсіпкерлері арасындағы байланысты орнату, нығайту бағытында табысты еңбек етіп келеді.  15 жылдан бергі уақытта Қазақстан мен Германия компанияларының арасындағы байланыс артып, нәтижесінде тауар айналымы да жыл сайын өсіп келеді. Биылғы Қазақстанның Германиядағы жылы немесе келер жылғы Германияның Қазақстандағы жылы шарасы да осы берік достық пен әріптестіктің куәсі. Оның айтуынша, биылғы мерейтой кеңінен аталып өтілетін болады. Бұл шаралардың басы ретінде клуб тарапынан Германиялық компанияларға арналған каталог шығарылған. Бұл каталогта қазақстандық компаниялардың мекен-жайы, жұмыс бағыттары мен Қазақстанда бизнеске  жасалып отырған мүмкіндіктер, германиялық кәсіпкерлерге кеңестер көрсетілген.