Орталық және жергілікті билік өкілеттіктерін ажырату туралы заң әкімдерге дербестік қана беріп қоймай, шенеуніктердің жауапкершілігін де арттыра түседі - Е. Досаев

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл туралы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
None
None

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев түсіндіргендей, заң жобасы бойынша орталық мемлекеттік органдар арасында - 10 функция, орталықтан облысқа - 73, облыстан ауданға - 4, ауданнан ауылға 7 функция қайта бөлінетін болады.

Нәтижесінде орталықтан облыстық деңгейге өткізілетін өкілеттіктерге 620 штаттық бірлік беріледі.

Заң жобасымен аудандық (қалалық) деңгейде қосымша функциялар бекітіледі және аталған функциялар облыстық, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде де сақталады. Барлығы аудандық деңгейге берілетін штат саны - 431 бірлік.

Ауылдық округ әкімдеріне салалық заң актілерімен 67 қызмет жүктеледі және олардың аппараттарын нығайту мақсатында орталықтан аймақтарға 4 369 бірлік, сондай-ақ облыстық жергілікті атқарушы органдардан 500 бірлік беріледі.

Соңғы жаңалықтар