Орынборда «Қазақстанның төрт астанасы» көрмесі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орынборда ашық аспан астында «Қазақстанның төрт астанасы» атты бірегей көрме өтті, деп хабарлады Орынбор облысы үкіметінің порталы.
None
None

«Совет көшесі бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған алаңда ашық аспан астында ұйымдастырылған ерекше акция - «Қазақстанның төрт астанасы» атты көрме көптеген орынборлықтардың назарын өзіне аударды. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағаты дайындаған көшпелі экспозиция жергілікті мұрағатшылар мен мұражай қызметкерлерін ғана емес, сонымен бірге Орынбор қаласының ұлттық-мәдени автономияларының өкілдерін де қызықтырды. Көптеген адамдар 1920-1925 жылдары аралығында Орынбор Қазақстанның бірінші астанасы болғандығын алғаш рет біліп, көрші мемлекеттің басқа да тарихи астаналарының өткені мен бүгінінен мол мағлұмат алды», делінген хабарламада.

Қазақ Республикасының тұңғыш құрылтайшылар съезі өткен ғимаратқа қарсы орналасқан Орынбордың орталық кітапханасында Алматы қаласының мұрағаты әзірлеген қазақ кинохроникасының бірегей кадрларымен де танысу мүмкіндігі туындады.

Сонымен қатар ХХ ғасырдағы талантты қылқалам шеберлерінің бірі Сергей Калмыковқа ескерткіш тақта орнатылды. Айта кетерлігі, 1967 жылы өмірден озған Сергей Калмыковтың туындылары 2000 жылдың басында кең танымалдыққа ие болған еді.

Соңғы жаңалықтар