Орынборда Н. Назарбаев пен Д. Медведевтің қатысуымен екі елдің өңіраралық ынтымақтастығының VІ форумы өтеді

sp;Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қыркүйектің 11-і  күні  Орынбор қаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының VI форумы өтеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Форум аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық, шекара маңы және мәдени -гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ отын-энергетикалық және көлік саласындағы өзара іс-қимылды талқылау жоспарланып отыр», деді ол.

Оның айтуынша, форум жұмысына Қазақстанның облыстары мен Ресей аймақтарының басшылары, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік органдарының жетекшілері қатысады.

Соңғы жаңалықтар