ӨСА Бастамасын жүзеге асыруда 128 өндірістік компаниямен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

АЛМАТЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Биыл Өндіруші салалалардың ашықтығы (ӨСА) бастамасы саласындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанына 5 жыл толады. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан ӨСА бастамасын жүзеге асырудың ІІІ Ұлттық конференциясында айтылды,

ӨСА Бастамасын жүзеге асыруда 128 өндірістік компаниямен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Меморандумға қол қойған компаниялар саны 2005 жылғы қазаның 24-інде 24 болатын. Қазіргі таңда олардың саны 128-ге дейін жетті. Олар мемлекеттік кірістің мұнай мен газда - 92 пайыз, ал тау-кен өндірісінде - 60 пайызды қамтиды", дейді ӨСА бастамасы хатшылығының өкілі Бауыржан Өмірзақов. ӨСА бастамасының 2005 жылғы алғашқы есебінде 47 мұнайгаз компаниясы ғана қамтылған еді. 2006 жылғы екінші есепте мұнайгаз ғана емес, тау-кен өндірісі саласындағы компаниялар да енгізілді. Енді өндірістік компаниялардың 2007, 2008 жылғы есептері жасалып отыр.