Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құрылтай сайлауы: «Қазақстан Халық партиясы» тізімі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысатын «Қазақстан халық партиясының» партиялық тізімін тіркеді. Тізімге 72 кандидат енгізілген.

Құрылтай
Фото: Kazinform

ОСК отырысында комиссия мүшесі Әсел Жанабілованың айтуынша, партия ұсынған құжаттар Қазақстан Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексерілген.

— Партиялық тізімге енгізілген барлық кандидат Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкес келеді, — деді Әсел Жанабілова.

Оның сөзінше, кандидаттардың барлығы заңда белгіленген талаптарға сай. Атап айтқанда, олардың Қазақстан азаматтығы бар, ел аумағында кемінде 10 жыл тұрақты тұрған және 25 жасқа толған. Сондай-ақ партиялық тізімде заңда көзделген квота сақталған.

Бұдан бөлек, «Қазақстан халық партиясы» өткен сайлауда сайлаушылардың 5 пайыздан астамының дауысын алғандықтан, сайлау жарнасын төлеуден босатылды.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысатын «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді.