ОСК тағы 82 халықаралық байқаушыны тіркеді

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы тағы 82 халықаралық байқаушыны тіркеді.
None
None

Олардың 27-і - ЕҚЫҰ/ДИАҚБ байқаушылар миссиясының, 31-і - ТМД-дан байқаушылар миссиясының өкілдері, 4 байқаушы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының байқаушылары. Тағы 20-сы - шет мемлекеттерден келген байқаушылар. Осылайша, қазіргі сәтте Орталық сайлау комиссиясы 326 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.

Олардың 101-і - ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс Парламенттік сайлауды байқау жөніндегі байқаушылар миссиясының құрамына, 133-і - ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамына, 9-ы - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының байқаушылар миссиясының құрамына кіреді, 9-ы Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен, 4 байқаушы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымынан өкілдік етеді, тағы 70-і - 24 шет мемлекеттен келген байқаушылар.

Соңғы жаңалықтар